Ынталы топ (қаз.)

Ынталы топ

2007 жылдан бастап алматылық велосипедшілер тобы қалада велосипедті қолдану үшін қауіпсіз жағдайларды жасауды лоббилеу бойынша өз күш-жігерлерін бірлестіріп, «Вело-Алматы» ынталы тобын құрды. Топ қалалық билікпен (әкімдік, көлік, спорт, экология және басқа департаменттер), сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен, коммерциялық мекемелермен, бұқаралық ақпарат құрылымдармен (БАҚ) және басқаларымен белсенді жұмыс жүргізеді. Топтың көпжылдық қызметі нәтижесінде Алматыда Абай даңғылының сол жағымен Достық даңғылынан бастап Орталық стадионға дейін өтетін көлік мақсатындағы ұзындығы 2,5 км бірінші велосипед жолы салынды.

Велосипедші жолда!

2009 және 2010 жылдары «Вело-Алматы» ынталы тобы АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен «Назар аударыңыз! Велосипедшілер жолда!» атты жүргізушілерге арналған 25000 дана тиражбен үнпарақтарын шығарды. Үнпарақ екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде дайындалған.

Үнпарақ түсінуге оңай түрде велосипедшілермен жолда қалай қауіпсіз өзара әрекеттесу және егер жол-көлік оқиғасы болған жағдайда не істеу қажет екенін баяндайды. Үнпарақ ақысыз түрде еріктілердің көмегімен қала көшелерінде, оқу орындарында, мекемелерде, мемлекеттік мекемелерде, спорт мектептерінде және дүкендерде таратылады.

Үнпарақтың электрондық нұсқасы «Вело-Алматы» сайтында жарияланған.

Велосипедші жаднамасы

2010 және 2011 жылдары «Вело-Алматы» ынталы тобы АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен «Велосипедші жаднамасы» брошюрасын 2000 дана тиражбен шығарды. Брошюра екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде дайындалды. Жаднама веломарштарда, веложарыстарда және басқа көпшілік қатысатын қалалық іс-шараларда таратылады. Сонымен қатар, жаднама қаланың велодүкендері мен спорт-мектептерінің велосекцияларына берілген. Брошюраға велосипедшілердің жолдағы қауіпсіздігіне қатысты келесідей бөлімдер кіреді:

  • ҚР жол жүру ережелері;
  • Велосипедшілер үшін қауіпсіздік шаралары;
  • Велосипедшілермен жиі болатын жол-көлік оқиғалары;
  • Жол-көлік оқиға кезінде жүріс-тұрыс ережесі;
  • Алматыдағы травматология орындарының мекен-жайлары және басқа.

Жаднаманың электрондық нұсқасы.

Мұнымен қоса, 100 дана Қарағанды қаласына, бірнеше данасы Астана, Атырау, Санкт-Петербург (Ресей), Киев (Украина) және Ташкент (Өзбекстан) қалаларына берілді.

Вело-мектеп

2010 жылдан бастап «Вело-Алматы» ынталы тобы барлық тілек білдірушілер үшін Велосипедті қауіпсіз жүргізудің курстарын жүргізеді. Курстар жанадан бастаушы велосипедшілер, және олар ғана емес, қалада қауіпсіз жүруге көмектесетін теориялық және тәжірибелік білімдерді алу мақсатында жүргізіледі. Сабақтар Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай ұйымының қолдауымен жүргізіледі. Курстарға қатысу тегін. Сабақтар қаланың әртүрлі бөліктерінде ашық жерде жүргізіледі. 4 жылдың ішінде осындай бірнеше ондық сабақтар жүргізілді. Бұл сабақтарға 300-ден астам адам қатысты.

Курс бағдарламасына мынадай сұрақтар кіреді:

  • Қауіпсіздік шаралары;
  • Велосипедке техникалық талаптар;
  • Экстремалдық жағдайларда жүргізудің ерекшеліктері;
  • Велосипедшілерге қатысты қолданған жағдайдағы жол жүру ережесі;
  • Алматыда қозғалудың ұсынылған маршруттары;
  • Жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу қажет, оның ішінде заң мәселелері;
  • Жол-көлік оқиғасы кезінде алғашқы жәрдем беру.

Қосымша ақпарат топтың сайтында.

Сабақтардан фотосуреттер.

2010 жылы «Вело-Алматы» ынталы тобы «Автокөліктерден шығатын газдардың адам денсаулығына әсері» деген үнпарақ дайындап, таратты. Үнпарақ «Автокөліксіз күн» акциясы кезінде БАҚ-та таратылды. Сондай-ақ Вело-Алматы сайтында жарияланды.

Үнпарақшалар таратылғаннан кейін мәліметтер басқа да сайттарда жарияланды, мысалы:

  • GreenSalvation,
  • Kazakhstan Today,
  • Zakon.kz,
  • Azion.kz,
  • nur.kz.

Сонымен қатар, Вело-Алматы «Жер сағаты», «Автокөліксіз күн», «Велоқозғалыс сағаты», «Планета қозғалысы күні», «Бүкіләлемдік әрекеттер күні» сияқты экологиялық акциялардың, сондай-ақ веломарштар, балалар веложарыстары мен «Велосипед және экология» тақырыбына суреттер байқауларының бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады.

Біз жасағалы отырған қорытынды тек біздің ғана сәтті үлгіге негізделгенмен, кез-келген басқа да игі бастамаларға қолданыла алады. Егер Сізде, мысалға қоршаған ортаға деген, игі іс жасауға тілегіңіз болса, және бей-жай емес пікірлестеріңіз болса, онда Сіз өз арманыңызға жарты жолдасыз!

«Вело-Алматы» ынталы тобы (www.veloalmaty.kz, veloalmaty@gmail.com):

  • Алия Тонкобаева, эколог;
  • Тимур Джуркашев, «Велофонд» қоғамдық қорының президенті;
  • Павел Красовицкий, Ядролық физика Институтының аға ғылыми қызметкері (НЯЦ РК), физика-математика ғылымдарының кандидаты;
  • Дмитрий Жуков, директор департамента развития бизнеса «ПростоКредит» бизнес дамыту департаментінің директоры, Societe Generale Group;
  • Азизжан Мамиров, фотоагентігінің бастығы;
  • Светлана Спатарь, эколог;
  • Софья Таирова, халықаралық ұйымның маманы;
  • Талгат Амирбеков, заңгер;
  • Зоя Фалькова, сәулетші;
  • Виталий Дядчев, IT-маман;
  • Асылбек Утебалиев, JWT Kazakhstan;
  • Кира Дядчева, балалар психологы, сурет салу студиясының мұғалімі;
  • Мадина Утебалиева, Твиттер @veloalmaty жауапты;
  • Дана Блиева;
  • Дарина Омурзакова;

Оставить комментарий